Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Билік өкілдерін қорлау бойынша айыпталған Төреғали Төреәліге қатысты сот үкімі шықты

Жарияланған күні:

Төреғали Төреәлі
Төреғали Төреәлі. Фото: instagram.com/toregalitoreali

Алматыдағы Түрксіб аудандық сотында билік өкілдерін қорлау фактісі бойынша айыпталған әнші Төреғали Төреәліге қатысты үкім шықты. Сот қаулысымен оған 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды. Бұл туралы Facebook-тегі Алматы соттары ресми парақшасында хабарланды.

"Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында билік өкілдерін өздерінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау фактісі (ҚК 378-бабы 1-бөлігі) бойынша А.-ға (Төреғали Төреәлі Алиханов – ред.) қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот биылғы жылдың 14 маусымында Майлин көшесінде Lexus маркалы автокөлік тоқтатылғанын анықтады. Жүргізуші А. полиция қызметкерлерінің заңды әрі бірнеше рет қойылған талаптарын орындаудан үзілді-кесілді бас тартып, полиция қызметкерлеріне дөрекі сөз сөйлеген, сондай-ақ қарсылық танытқан, осылайша ол өздерінің қызметтік міндеттерін орындау барысында билік өкілдерін қорлаған", - делінген хабарламада.

Соттың мәліметінше, айыпкердің кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдер (жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтары, бейнежазба және т.б. ) арқылы дәлелденген.

Прокурор әншіні кінәлі деп тануды және оған 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындауды сұраған.

Алайда әнші өз кінәсін мойындамаған, десе де ол сот қаулысымен жоғарыда аталған құқық бұзушылық үшін кінәлі деп танылып, оған 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалған.

Сот жаза тағайындау кезінде іс бойынша айыпты жеңілдететін (5 кішкентай баласының болуы) және ауырлататын (есірткілік мас күйінде) мән-жайларды есепке алған.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037766-toregali-toreali-40-sagat-qogamdyq-zumysqa-tartylady/