Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Хабар" агенттігі "Еңбек күніне" орай ауқымды телемарафон ұсынады

Опубликовано:

"Адал еңбек" телемарафоны
"Адал еңбек" телемарафоны. Фото: АО Агентство "Хабар"

Елімізде 10 жылдан бері қыркүйек айының соңғы жексенбісінде "Еңбек күні" аталып өтеді. Осы мерекеге орай "Хабар" агенттігі қазақстандықтарға "Адал еңбек" телемарафонын ұсынады.

Телемарафонның мақсаты – еңбексүйгіштік идеясын насихаттау, еңбек адамына лайықты құрмет көрсетуді қалыптастыру.

Ауқымды телемарафон "Хабар" телеарнасында 2023 жылғы 24-қыркүйекте сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін көрсетіледі. Онда ел аймақтарымен және шетелдермен тікелей эфирде байланыс орнатылып, ұжымдар мен еңбек адамдары өзінің кәсіби жетістіктері туралы айтады.

"Адал еңбек" телемарафонына ерен еңбектерімен ел дамуына елеулі үлес қосып жүрген түрлі саланың өкілдері қатысады. Олардың ішінде шахтер, мұнайшы, аула сыпырушы, санитар, педагог, өнеркәсіптік альпинист, зергер, блогер, кәсіпкер және тағы басқа мамандық иелері болады.

Қазақстандық КИНЭС рекордтар кітабында "Мамандығына берілгендер" атты жаңа парақтың пайда болуы – аталған телемарафонның жарқын сәтіне айналмақ. Рекордшы әулет тікелей эфир барысында анықталады.

"Адал еңбек" телемарафоны аясында көрермендерді түрлі сала қызметкерлерімен, жұмысшы әулеттердің көрнекті өкілдерімен жүргізілетін қызықты сұхбаттар мен сюжеттер, сондай-ақ әртістер мен музыкалық ансамбльдердің қойылымдары күтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037837-xabar-agenttigi-enbek-kunine-orai-auqymdy-telemarafon-usynady/

pixel