"Бір жылап алдық": қызы мен келіншегіне тосынсый жасаған Абай Бегей көз жасына ерік берді (фото, видео)
Жарияланған күні:
Әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат әлеуметтік желіде әкесі жасаған тосынсыймен бөлісті. Қызы мен жұбайын күтпеген жерден қуантқан өнер иесі көз жасына ерік берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Әкемізден тосынсый. Үйді жинап, реттеп, бөпелерді ұйықтатып, өзіміз енді жатайын деп жатсақ, әкеміз хабарласып, хәлімізді сұрап, 5 минуттан кейін бірінші қабатқа түсіңдер, сендерге сыйлығым бар деді. Аминок ерте ұйықтап қалған, екеуіміз "не екен деп" жүгіріп шықтық", - деп жазды әншінің қызы Instagram-дағы парақшасында.
Айтуынша, әкесі ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынас жайында сұхбат беріп, өзінің балалық шағын есіне алып, қатты әсерленіп кеткен екен. Ал үйіне келгенде жақындарын көріп, көз жасына ерік берген.
"Бір-бірімізге деген махаббатымызды білдіріп, бір жылап алдық", - дейді Сымбат Абайқызы.
Айта кетейік, бұған дейін Абай Бегейдің жұбайы әншінің бірінші некеден дүниге келген қыздарымен алғаш танысқан кезін еске алып, олармен қалай жылы қарым-қатынас орнатқанын айтып берген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037864-bir-zylap-aldyq-qyzy-men-kelinsegine-tosynsyi-zasagan-abai-begei-koz-zasyna-erik-berdi-video/