Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегім қан жылады": Абай Бегейдің әйелі алғаш әншінің қыздарымен танысқан кезді еске алды (фото)

Опубликовано:

Абай Бегей жұбайымен
Абай Бегей жұбайымен. Фото: instagram.com/abai_begei

Осыдан бірнеше жыл бұрын әнші Абай Бегейдің бірінші жұбайы қайтыс болып, екінші рет шаңырақ көтерген болатын. Өнер иесінің қазіргі жұбайы Фариза ең алғаш әншінің қыздарымен танысқан сәтті еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Түн ортасында жылап отырмын. Үйлену тойымыз болғаннан кейін тақсыр (Абай Бегей - ред.) "Қыздарды Алматыға алып келемін" деді. Үлкен айқай-шу болды. Оның шет жағасы бәріңізге мәлім.

Есімде, таң ата дастарқан жайып, аэропорттан тақсыр мен екі қызымды күтіп отырмын. Ішім алай-дүлей. Бір бөлмеде ары-бері жүрмін. Бір кезде келді. Есікті аштым, екі қызым тұр. Көңіл-күйі жоқ. Бетіме суық қарады да, ішке кіріп кетті. Әкесі "Амандасыңдар" деп еді, үндемеді. Жүрегім қан жылады, білдіртпедім. Маған мүлде сөйлемейді, сұраққа жауап бермейді. Барымды салып, тәтті тамақ пісірдім. Жемеді. Тек дұға жасап, жай-жай алдастырдым", - деп жазды Фариза.

Сонымен қатар әншінің жұбайы әлі күнге дейін өзін сөгетін адамдарға жауап беріп, өзіне қыздардың махаббаты қымбат екенін айтты.

"Әлі күнге дейін сол дұға мен алдастыру. Сонша жыл жинаған махаббат пен қарым-қатынас маған қымбат. Не істесем ренжімейді? Не айтсам ренжімейді? Осы ұранмен өмір сүремін.

Мені сөгетін адамдарға бір айтарым, әлі күнге дейін мен не істесем де, не айтсам да мың қадам алға ойланамын. Саралап, саптап, өлшеп жасаймын, айтамын", - деп жазды Фариза Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Абай Бегейдің бірінші некесінен үш қыз, бір ұлы бар. Сонымен қатар қазіргі жұбайы Фариза әншіге үш перзент сыйлады. Биыл әншінің жетінші баласы дүниеге келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037717-zuregim-qan-zylady-abai-begeidin-aieli-algas-ansinin-qyzdarymen-tanysqan-kezdi-eske-aldy/

pixel