Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"4 айында шетінеп кеткен ұлыма арналған": Сейфуллин Жолбарыс белгілі "Хафиз" күйінің авторы екенін айтты (видео)

Опубликовано:

Сейфуллин Жолбарыс
Сейфуллин Жолбарыс. Видеодан кадр: instagram.com/s_zholbarys_official

Белгілі әнші, композитор Сейфуллин Жолбарыс ел арасында кеңінен танымал "Хафиз" күйінің авторы екенін мәлімдеді. Бұл туралы өнер иесі "Хабар" арнасындағы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты.

Әншінің айтуынша, 1998 жылы шыққан "Хафиз" күйін ең алғаш рет Асылбек Еңсепов орындаған.

Бүгін де бұл туындысы халық арасында кеңінен танымал. Алайда көпшілік күйдің авторы Сейфуллин Жолбарыс екенін біле бермейді. Сондай-ақ жұрт күйдің шығу тарихын білмегендіктен, кей жерлерде орынсыз қойылып жүр.

"Бір қарасам "Хафизбен" ет тартып жатыр, бір қарасам Түркияда мода көрсетіп жатыр. "Хафиз" – ең бірінші ұлым дүниеге келіп, төрт айлығында шетінеп кеткен кезде сондағы мұң, қайғыдан өмірге келген туынды. Сондықтан бұл қайғылы музыка", - дейді Сейфуллин Жолбарыс.

Өз кезегінде желі қолданушылары да белгілі күйдің авторы Сейфуллин Жолбарыс екенін естігенде таңғалған.

"Сейфуллин күй шығарған ба?", "Хафиз керемет күй, ол күйді Секен Тұрысбеков немесе басқа күйші шығарды деп ойлағам", "Әр күйдің тарихын білген дұрыс", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037887-4-aiynda-setinep-ketken-ulyma-arnalgan-seifullin-zolbarys-belgili-xafiz-kuiinin-avtory-ekenin-aitty-video/

pixel