Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Индира Елемес түрік әншісінен сұрап алған әнін Қайрат Нұртастың орындағанын ашып айтты

Опубликовано:

Индира Елемес
Индира Елемес. Скриншот: "Қызықты weekend" бағдарламасы

Әнші Индира Елемес отандық хитмен Қайрат Нұртастың шетелдік әнді рұқсатсыз орындағанын айтты. Өнер иесі "Қызықты weekend" бағдарламасында танымал түрік әншісінен сұрап алған әнін Қайрат Нұртастың Мадина Сәдуақасовамен бірге айтып қойғанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Карантин уақыты болатын. Mod деген ән жақсы таралды. Мен біреудің әнін рұқсатсыз орындай алмаймын. Байланысқа шығып, рұқсатын алуым керек. Осы Mod әнінің рұқсатын алу үшін Стамбұлға бардық. Бәрін құжат түрінде реттеп, Мұстафа Сандал рұқсатын берді.

Келген уақытта Қайрат Нұртас Мадина Сәдуақасовамен осы әнді айтады ғой. Бұл кісі (Қайрат Нұртас - ред.) әнді біздің орындайын деп жатқанымызды біледі. Сонда да орындады. Менде депрессия болды. Мен бұл кісіге ешқандай ренжімеймін. Ол рұқсат алмаған. Мұстафа Сандалдың өзі "Сен неге рұқсатсыз айтасың" деп айтып кетті", - деді Индира Елемес.

Сонымен қатар Индира Елемес кейінірек бұл әнді Мұстафа Сандалдың өзімен орындағанын жеткізді.

"Сол уақытта Айлинге аяғым ауыр болды, босандым. Алла маған басқа нәрсе бұйыртып тұр. Демек, мен ол әнді қазақ тілінде емес, композитормен орындауым керек боп тұр ғой. Ұсыныс қалдырғаннан кейін Мұстафа Сандал келісе салды. Карантин біткенде, Мұстафа Сандалды Шымкент қаласына шақырдық.

Мұстафа Сандал өте қарапайым болып шықты. Қыздарды өте қатты құрметтейді екен. Қаражат жағын мен білмеймін. Өйткені, жолдасыммен сөйлесті. Кейін бұл кісі "Түрік тілінде бір ән жазып, клип түсірейік. Екеуіміз бір ән шығарайық" деп ұсыныс жасады. Ол әніміз Түркияда жақсы таралып, желіде 25 млн қаралым жинады", - деді Индира Елемес.

Еске сала кетейік, осыған дейін Индира Елемес отбасы жайлы құпиясын бөлісіп, күйеуінің өзінен 19 жас үлкен екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2037951-bildi-ansi-indira-elemes-turik-ansisinen-ruqsat-algan-anin-qairat-nurtastyn-oryndaganyn-asyp-aitty/

pixel