Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көбісі ойланар еді": Димаш Құдайбергеннің анасы немере баққысы келмейтін енелер жайлы айтты

Опубликовано:

Света Айтбаева
Света Айтбаева. Скриншот: "Сарасөз" бағдарламасы

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева қазіргі таңда келіннің күйеуінің ата-анасымен бірге тұруына ененің әсері көп екенін айтты. "Сарасөз" бағдарламасында Света Айтбаева енелердің жақсылығы жайлы жиі айту керектігін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ененің ақылдылығы өте әсер етеді деп ойлаймын. Келінге ғана байланысты емес. Қазіргі таңда енеге көп нәрсе байланысты. Қазіргі таңда балаларымен бірге тұрғысы келмейтін, бала баққысы келмейтін, жанының тыныштығын ойлайтын, немереге қарағысы келмейтін енелер көбейіп бара жатыр.

Сондықтан енелердің де жақсылығы, келінге қандай көмегі бары айтылса, көбісі ойланар еді. Бұл жастардың ең алдымен отбасы боп қалыптасып кетуіне, алаңдамай қызмет істеуіне, күнделікті өз жағдайын жасап, нәпақасын тауып, бір-бірімен ұрыспауына әсер етеді. Сондықтан үлкен кісілермен бір шаңырақтың астында тұрудың өзі отбасының жақсы қалыптасуына әсер етеді.

Әрине, олар да жастардың арасына іріткі салмай, жағдайына қарауы керек. Қазір өкінішке қарай, көп енелер баласын қызғанып, іріткі салады", - деді Света Айтбаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2038020-kobisi-oilanar-edi-dimas-qudaibergennin-anasy-nemere-baqqysy-kelmeitin-eneler-zaily-aitty/

pixel