Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақын Маралтай Райымбекұлы төрт әйелі мен он баласы туралы айтты

Жарияланған күні:

Маралтай Райымбекұлы
Маралтай Райымбекұлы. Скриншот: "Алғашқы" бағдарламасы

Ақын Маралтай Райымбекұлы отбасы жайлы ел білмейтін құпияны бөлісті. Ол төрт әйелден он перзенті барын "Алғашқы" бағдарламасында баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Махаббат дейтін дүние шын мәнінде адамның өз құқығындағы таңдау емес. Ол Алладан берілетін таңдау. Оның қалай өрбитіні де Алланың қолындағы нәрсе.

Менің тағдырым өзі алақұйын ғой. Қазір де сөзімді сабақтай алмай отырмын. Құдай маған он бала берді. Он перзентті қазақтың төрт қызынан нәсіп қылды. Әлия менің тұңғыш қызым. Оның өмірде бар екенін мен 15 жыл бойы білген жоқпын. Мен осындай тағдырыма ешқашан өкінбеймін. Балалар бірін-бірі толық қабылдаған.

Мұның бәрі менің еңбегім емес. Бұл балалардың аналарының еңбегі. Біріншіден, отбасымда шайымды құйып отырған Шакизаның еңбегі. Балаларды біріктіріп, өздері бір-бірімен хабарласып отырады. Ол жолға қойылған. Олар мұны "Өзіміздің тағдырымыз. Біздің пешенемізге осылай жазылған" деп қабылдайды. Бәріміз бірге көтеріп келе жатырмыз", - деді Маралтай Райымбекұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2038142-aqyn-maraltai-raiymbekuly-tort-aielden-on-balasy-baryn-asyp-aitty/