Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енді үй салмаймын": әнші Асхат Тарғын бес жыл салған үш қабатты үйінің құрылысын аяқтады

Опубликовано:

Асхат Тарғын
Асхат Тарғын. Фото: instagram.com/askhat_targin

Әнші Асхат Тарғын үш қабатты үйінің құрылыс жұмыстарын аяқтағанын айтты. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында биыл наурыз айында үйге кіргенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, ол үш қабатты үйінің құрылысын 2019 жылы бастаған.

"2018 жылы жер сатып алдым. 2019 жылы негізін қалап бастадық. 2020 жылы бітірем дегенде, карантин басталып кетті. 2022-2023 құрылыс жұмыстары жасалды. Былтыр жаздай құрылысы жасалды. Биыл наурыз айында үйге кірдік.

Үй үш қабатты, 284 шаршы метр. Қанша қаражат кеткенін білмеймін. 70 млн теңгеден кейін есептен шатастым. Соңғы жағын есептемейді екенсің. "Көз - қорқақ, қол - батыр" дейді ғой. Негізі 2006 жылы ауылда, ата-анама үй салып бергенмін. Сол кезде қиналғанда "Енді үй салмаймын. Сатып аламын" деген едім. Кейін үй салу керек болды. Үйге кірдік", - деді Асхат Тарғын.

Айта кетейік, осыған дейін Асхат Тарғын үйінің құрылысы біткеннен кейін Ақтөбеде тұратын ата-анасын қолына көшіріп алғанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2038155-284-sarsy-metr-ansi-asxat-targyn-bes-zyl-salgan-us-qabatty-uiinin-qurylysyn-ayaqtady/

pixel