Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай Асылхан әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алды (фото)

Опубликовано:

Жанель Мақажан мен Абай Асылхан
Жанель Мақажан мен Абай Асылхан. Фото: instagram.com/abay.asylkhan

Актриса Жанель Мақажан жақында үшінші сәбиін өмірге әкелген болатын. Актер Абай Асылхан әйелі мен қызын перзентханадан шығарып алғанын Instagram парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Перзентханадан шықты. Бұл сәтті еш шусыз, шарсыз, қымбат көлік пен топырлаған адамдарсыз үшеуіміз ғана бастан кешкіміз келді. Өмірдің тәтті сәттерін сезінуді түсінетін сәтке жеткен секілдіміз. Әрқайсыңызға ата-ана бақытын сезінуді нәсіп етсін", - деп жазды Абай Асылхан.

Айта кетейік, 18 қыркүйек күні актриса Жанель Мақажанның үшінші перзентін өмірге әкелгені белгілі болды.

Босану сәтінде әйелінің жанында болған Абай Асылхан бұл жайлы әлеуметтік желіде айтып, көпшіліктен сүйінші сұраған болатын.

"...Әйеліме босану кезінде серіктес болдым. Жанельдің де, баланың да жағдайы жақсы. Құттықтап жатқан достарым, бауырларыма, туыстарыма рахмет. Сіздерге де осындай бақытты нәсіп етсін", - деген болатын Абай Асылхан.

Желі қолданушылары жұлдызды жұптың қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырды.

"Бауы берік болсын", "Бақытты болыңыздар", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2038207-abai-asylxan-zanel-maqazan-men-qyzyn-perzentxanadan-sygaryp-aldy-foto/

pixel