Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"1,5 жыл күйзелісте болған": әнші Индира Елемес әкесінің өлімінен соң анасы бес қызды жалғыз өсіргенін айтты

Опубликовано:

Индира Елемес
Индира Елемес. Скриншот: "Қызықты weekend" бағдарламасы

Отандық әнші Индира Елемес көпбалалы отбасында тәрбиеленгенін айтты. Өнер иесі әкесін көлік қағып кетіп, анасының бес қызды өзі өсіргенін "Қызықты weekend" бағдарламасында баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ол кісі білікті хирург болды. Барлық жерге шақыратын. Сол жылы Румыняға шақырады. Өзінің демалыс уақытында "Шұғыл ота. Сен болмасаң, болмайды" деп шақырып алған. Келісіп, бір кісінің өмірін аман алып қалады. Шығып, үйге нан алуға бара жатқанда, КамАз басып кеткен. Байқамай қалған. Сол жерде қайтыс болған.

Сіңілім алты айлық. Анама "Қазір келемін" деп хабарласқан. Анам "Күтіп отырмын. Үш сағат өтті. Әлі жоқ" дейді. Анама қалай айтарын білмеген ғой. Достары жиналып келіп, айтқан. Анам достары келгенде бірден сезген. "Қайда? Тірі ме, өлі ме" деп сұраған. Анам өзі әкемнің мейірбикесі болған, бірге жұмыс істеген", - деді Индира Елемес.

Сонымен қатар өнер иесі әкесінің қазасынан кейін анасының 1,5 жыл күйзелісте болғанын ашып айтты.

"Анам осыдан кейін 1,5 жыл күйзелісте болған, ешқайда шықпаған. Сосын достары келіп, "Бес қызың бар. Жинал. Қазір жұмысқа шығасың немесе балаларыңды балалар үйіне өткіземін" деген. Сол сөз анама әсер етіп, жұмысқа шыққан. Осыдан кейін 27-30 жыл демалыссыз жұмыс істеген", - деді Индира Елемес.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін өнер иесі күйеуінің өзінен 19 жас үлкен екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2038300-akemdi-kolik-basyp-ketti-ansi-indira-elemes-anasy-men-bauyrlaryna-zaily-qupiyasyn-bolisti/

pixel