Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"500 шаршы метр": Қыран Талапбек 1,5 млн доллар тұратын үйін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Қыран Талапбек жұбайымен
Қыран Талапбек жұбайымен. Скриншот: instagram.com/gulzada_tl

Мобилограф Қыран Талапбек қымбат көліктері мен 500 шаршы метр үйін көрсетті. Ол Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында екі қабатты үйінің құны 1,5 млн доллар екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бұрынғы үйімізді саттық. Ақшамыз тек жер алуға жетті. Бұл үйдің көлемі 10 сотық. Бұл жерде ескі үй болды. Оны сүріп тастадық. Өте көп қаражат жұмсадық. Менің есептеуімше, 1,5 млн доллардан көп кетті. Үй 500 шаршы метр", - деді Қыран Талапбек.

Қыран Талапбектің үйі
Қыран Талапбектің үйі. Скриншот: Бейбіт Әлібеков бағдарламасы/ Youtube

Ал Қыран Талапбектің жұбайы барлық жағдайы жасалғандықтан, ата-анасымен тұруға қиналмайтынын жеткізді.

"Ата-анамен тұру жақсы. Барлық жағдай жасалғандықтан қиналмаймын. Мұнда біз Қыран екеуіміз, Қыранның інісі, ата-анасы тұрамыз. Үйде бір-бірімізді көрмейміз. Әр кім өз өмірін сүреді. Үйдегі әр жатын бөлмеге саусақ таңбасымен ғана кіруге болады. Біз біріміздің бөлмемізге біріміз кірмейміз", - деді Қыран Талапбектің қазіргі жұбайы.

Қыран Талапбектің үйі
Қыран Талапбектің үйі. Скриншот: Бейбіт Әлібеков бағдарламасы/ Youtube

Сонымен қатар бағдарлама барысында Қыран Талапбектің жұбайы Гүлзада ата-енесінің жатын бөлмесін, бірнеше гардеробты, ас бөлмесін, күйеуі екеуінің жатын бөлмесін, қонақ бөлмесін және қазақи нақыштағы қонақ күту бөлмесі мен қайын інісінің бөлмесін және тағы да басқа үйдің ерекшеліктерін көрсетті.

Бағдарламада әр бөлменің жеке гардеробы барын байқауға болады. Сондай-ақ үйдің жеке терассасы мен аулада мобилографтың жеке жұмыс кеңсесі бары да көрсетілді.

Қыран Талапбектің үйі
Қыран Талапбектің үйі. Скриншот: Бейбіт Әлібеков бағдарламасы/ Youtube

Ал мобилограф үйінің дизайнын жасаған дизайнер үйдің биіктігі 3,5 метр екенін айтты.

"Үйдің құрылысқа дейінгі биіктігі 3,8 еді. Құрылыс жұмыстарынан кейін 3,5 метр болды", - деді дизайнер.

Қыран Талапбектің көліктері
Қыран Талапбектің көліктері. Скриншот: Бейбіт Әлібеков бағдарламасы/ Youtube

Ал Қыран Талапбек бағдарлама жүргізушісіне өзінің көлік тұрағын көрсетті.

"Бес көлік бар. Біреуі - әкемдікі, біреуі - менікі, біреуі - жұбайымдыкі. Тағы біреуі ұтысқа қойған көлігіміз. Оны кейде мен, кейде інім айдайды", - деді Қыран Талапбек.

Естеріңізге сала кетейік, Қыран Талапбек пен Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова осыдан бірнеше жыл бұрын шаңырақ көтеріп, кейін ажырасып кетті. Қазіргі таңда екеуінің ортақ ұлы бар.

Ал мобилограф биылғы жылы тағы да шаңырақ көтеріп, Гүлзада Тұрлашқа үйленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2038309-500-sarsy-metr-qyran-talapbek-15-mln-dollar-turatyn-uiin-korsetti-foto/

pixel