Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сезімге ұласады деп ойламадым": Баян Нұрмышева үш жас кіші күйеуімен қалай танысқанын айтты

Опубликовано:

Өзінен жасы кіші жігітке тұрмысқа шыққан жұлдыздар
Баян Нұрмышева, Ерлан Орынбасаров. Фото: instagram/bayannurmysheva

Жұлдызды жұп Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева 2014 жылы шаңырақ көтерген. Әнші Баян Нұрмышева "1001 түн" бағдарламасында күйеуіне продюсері болу жайлы ұсынысты өзі тастағанын және бұл сезімге ұласатынын ойламағанын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біз әріптес ретінде таныстық. Сахнаның артында жолыққанда, екеуіміз сөйлесіп қала беретінбіз. Ерлан "Баян, мынадай клип түсіру керек. Образыңды осылай жасау керек" деп айтатын. Гастрольдік сапарға барсақ, "Баян, бос жатпай, телеарна мен радиоға әнімізді берейік" деп, жанына ертіп жүретін.

Енді, бізге жанашыр адам ыстық болып көрінеді ғой. Бірақ, ол кезде сезімге ұласады деп ойламадым. Ол маған осындай кеңес айтқаннан кейін, өзім "Маған продюсер бол" деп қолқа салдым", - деді Баян Нұрмышева.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ерлан Орынбасаров жұбайына жантебірентерлік жазба жариялаған болатын.

Айта кетейік, Баян Нұрмышева мен Ерлан Орынбасаровтың үйленіп алғандары жайлы қауесет ақпарат 2014 жылдың 31-желтоқсан күні яғни Баянның туған күні тарай бастаған еді. Кейін бұл ақпаратты Баян Нұрмышева әлеуметтік желіде растады.

Сонымен қатар Баян Нұрмышева өзінен үш жасқа кіші Ерлан Орынбасаровқа 2015 және 2017 жылдары екі ұл сыйлады. Сондай-ақ Баян Нұрмышеваның бірінші некесінен бір ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2038340-sezimge-ulasady-dep-oilamadym-bayan-nurmyseva-us-zas-kisi-kuieuine-prodyuseri-boludy-ozi-usynganyn-aitty/

pixel