Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дұға етіп қойыңыздар": Аша Матай денсаулығы сыр бергенін айтты (фото)

Опубликовано:

Аша Матай
Аша Матай. Фото: instagram.com/asha_matai

Тележүргізуші Аша Матай әлеуметтік желіде оқырмандарынан өзі үшін дұғада болуды сұрады. Өнер иесі Instagram парақшасында денсаулығының сыр бергенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Үш айлық күйзеліс пен бес күндік қан қысымының көтеріліп-түсуінің нәтижесі", - деген Аша Матай желіде өзіне жедел жәрдем қызметкерлерінің келгенін көрсетті.

Сонымен қатар тележүргізуші бір күнде екі рет жедел жәрдем шақырғанын да айтты.

"Жедел жәрдем қызметкерлеріне рахмет. Бір күнде екі рет шақырттым. Қан қысымым түсіп кете береді. Мен үшін дұға етіп қойыңыздаршы.

Бұл үш айлық стресс пен бес күндік қан қысымының ретсіздігінің нәтижесі болды. Көптеген қан талдауы мен уколды біраздан бері көрмеп едім. Әлсіредім. Бірақ рухым құламайды. Менің оған құқығым жоқ. Өйткені, балаларым бар. Оларға дені сау, бақытты ана керек", - деп жазды Аша Матай.

Аша Матай сторис
Аша Матай сторис. Скриншот: instagram.com/asha_matai

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2038353-duga-etip-qoiynyzdar-asa-matai-densaulygy-syr-bergenin-aitty-foto/

pixel