Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешіре алмай жүрдім": Алтынай Жорабаеваның келіні 20 жыл көрмеген әкесімен жолықты (видео)

Жарияланған күні:

Талғат және Аяулым Жорабаевтар
Талғат және Аяулым Жорабаевтар. Фото: instagram.com/zhorabaev

Алтынай Жорабаеваның келіні Аяулым екінші рет шаңырақ көтерген әкесімен арада жылдар өткенде қайта жолыққан. Талғат Жорабаевтың әйелі ата-анасының осыдан 23 жыл бұрын ажырасып кеткенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аяулымның айтуынша, ол әкесін 20 жыл кешіре алмай жүрген.

"Өз анашым мені түсінеді әрі қолдайды. Не де болса, барлығымыз бір жеңілдеп қалдық. Осыдан 23 жыл бұрын әкем мен анам өз қалауымен екі жаққа кеткен болатын. Әкем екінші рет шаңырақ құрды. Ол некеден тағы іні-сіңілім бар.

Осы 2023 жылы әкеммен қарым-қатынасымды түзеп, арнайы қонақ болып келдім. Әкемнің екінші жарын толығымен түсініп, жүрегіммен қабылдадым. Бұл - тағдыр. Анашым екеуі жақсы қарым-қатынаста", - деп жазды Аяулым Жорабаева.

Сонымен қатар ол күйеуі мен әкесі енді көріскенін де жасырмай айтты.

"Әкем алғаш күйеу баласын құшақтады. Мен әкемнің екінші жарын өз анамдай қабылдадым", - деп жазды Талғат Жорабаевтың жұбайы Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2038484-altynai-zorabaevanyn-kelini-20-zyl-kormegen-akesimen-zolyqty-video/