Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сіздерді алдап келгем": Индира Расылхан енді ән айтпайтынын мәлім етті (видео)

Опубликовано:

Әнші Индира Расылхан
Индира Расылхан. Фото: instagram.com/indirarasylkhan

Әнші Индира Расылхан біраз уақыт психологиямен айналысқан болатын. Өнер иесі Instagram парақшасында осы ісі үшін оқырмандарынан кешірім сұрап, алдағы уақытта ән айтпайтынын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ойым шашыраңқы болса да, жеткізуге тырыстым. Сіздерден кешірім сұраймын. Бүгін ерекше эфир болайын деп тұр. Сіздердің алдарыңызда жіберген қателігімді, алдап жүрген мәселелерімді ашық айтуға ниеттендім. Қазір шыны керек, ойым шашыраңқы. Қалай бар, солай жеткізуге тырысамын. Біраз уақыт сіздерді алдап келгем", - деп жазды Индира Расылхан.

Сонымен қатар әнші бұлай айтуының себебін де түсіндіріп берді.

"Осы уақытқа дейін сіздердің алдарыңызға әнші ретінде шықтым. Сіздердің құрметтеріңізді, көңілдеріңізді жаулап алуға тырыстым. Бұл әрине, Алладан берілген. Маған "Қаншалықты халыққа адал қызмет еттім" деген ой келеді. Өзіме есеп бергенде көп нәрсе шықты. Сіздердің көңілдеріңізді өнеріммен жаулап алғаным үшін кешірім сұраймын.

Психологиялық мақсатта сіздермен жұмыс істеп жатқаныма үш жылдың көлемі болды. Қанша терапия өткіздім, қанша адаммен сөйлестім. Қанша жанның мұңын тыңдап, көмегімді тигіздім. Тегін де сабақ бердім, курс та өткіздім. Осының барлығында менен кеткен қателік көп болды. Психология бір білім ғой. Бірақ, бұл Алладан емес, батыстан келген білім. Осы психология арқылы көп нәрсені түсіндім", - деді әнші.

Сондай-ақ Индира Расылхан ауыр сынақты бастан өткізгенін жеткізді. Әнші енді ән айтпайтынын да мәлім етті.

"Түрлі техника жасадым. Осы түрлі техниканы адамдарға бердім. "Осыны жасасаңыз, қарыздан құтыласыз", "Осыны жасасаңыз, отбасыңызбен жақсы боласыз" деп техникаларды бердім. Оны өзім де жасадым. Бірақ ол техникалармен ризығым артпады, кері кеттім. "Неге қарызға батқан сияқтымын", "Неге көңіл күйім жоқ" деп сұрақ қойдым. Менің көңілім көтерілу керек қой. Сөйтсем, сіздерді алдап келген нәрсем, психологияны үйреткенім, психолог сияқты жұмыс істегенім.

Бәлкім, біреуіңіз өнерімді, біреуіңіз психологиямды жақсы көрген боларсыздар. Ең бастысы, менің айтқалы тұрған нәрсем - психологиялық техника, аффермация мен медитацияға да кеңес бермес едім. Алла менің ризығымды арттырмады. Мен адасу, қателік жасау арқылы Алланы таптым. Қазір қандай жағдай болса да, мен тек дұға етемін.

Мен үлкен сынақтан өттім. Қиын кезеңнен өттім. Оны дұшпанымның да басына тілемеймін. Алла ол нәрсемен сынамасын деп тіледім. Не ауру емес, не сау емес күйден өттім. Қазір өз-өзіме келдім. Сіздерді алдап жүргендей сезіндім. Расында алдадым. Мен Алладан келген білімді емес, адамдар ойлап тапқан техниканы сіздерге бердім. Жүректеріңізге психолог ретінде жол тапқан болсам, кешірім сұраймын. Мен ресми түрде мәлімдеме жасағым келіп отыр, бұдан кейін ән айтпаймын", - деді әнші парақшасында жариялаған видеода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2038719-sizderdi-aldap-kelgem-indira-rasylxan-kopsilikten-kesirim-surady-video/

pixel