Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанға келген түркиялық танымал актер Бурак Озчивит Шымбұлаққа барды (фото)

Опубликовано:

Бурак Озчивит
Бурак Озчивит. Фото: instagram.com/burakozcivit

Түркияның киножұлдызы Бурак Озчивит қазақстандық жанкүйерлерімен кездесу үшін Алматыға ұшып келді. Шымбұлақта суретке түскен актер суреттерін Instagram-дағы парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін, 29 қыркүйекте белгілі актер Бурак Озчивитпен фан-кездесу жоспарланған.

Көрермен актерді "Черная любовь", "Королек - птичка певчая", "Великолепный век", "Основание: Осман" телехикаялары арқылы танып, актерлік шеберлігіне тәнті болған.

Бурак Озчивит Медеу-Шымбұлақ аспалы жолына мініп, тау-шаңғы курортында суретке түскен. Ол парақшасында қолына үлкен бүркітті қондырған, ұлттық киім киген жігітпен және Шымбұлақта түскен бірнеше суретті жариялады.

Актер суреттерін #Чембулак #Almaty #kazakhstan хештегтерімен жариялаған.

"Қазақстанға қош келдіңіз", "Бурак, үйге келіп шәй ішіп кет", "Бүркіт болғым келіп тұр", "Бурак мырза, Алматыға қош келдіңіз", "Осы бүркіттің арманы жоқ шығар", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2038821-qazaqstanga-kelgen-turkiyalyq-tanymal-akter-burak-ozcivit-symbulaqta-bardy-foto/

pixel