Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тынысы тарылып жатыр": Жұлдыз Әбдікәрімова үлкен ұлының жүрегіне ота жасалғанын айтты (фото)

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова үлкен ұлы Нарұлдың бүгін жағдайы нашарлап, ауруханада тексерістен өткенін айтты. Тележүргізуші Instagram парақшасында ұлының жүрегіне бірнеше жыл бұрын ота жасалғанын баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бұл жігіт бүгін қорқытып, ауруханадан бір-ақ шықтық. Таңертең балаларымды мектепке қалдырып, алаңсыз жұмысыма кеткенмін. Нарұлдың жағдайы жап-жақсы болған. Бірнеше сағаттан кейін мектептен қоңырау түсіп, "Нарұлдың тынысы тарылып жатыр" деген хабар жеткізді.

Аяқ-қолым қалтырап, кардиология орталығына әрең жеттім. Нарұлымның жүрегіне ота жасалғаннан бері алты жыл уақыт өтіпті. Нарұлдың жүрегі дәрігерлердің бақылауында. Жылына екі рет тексерісте өтеміз. Уайымдап, тілек тілеген баршаға алғыс білдіремін. Тексерістен өттік. Қазір жағдайы қалыпты", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Жұлдыз Әбдікәрімова сторис
Жұлдыз Әбдікәрімова сторис. Скриншот: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова көпбалалы ана. Оның екі қызы мен екі ұлы бар.

Жұлдыз Әбдікәрімова сторис
Жұлдыз Әбдікәрімова сторис. Скриншот: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2038841-tynysy-tarylyp-zatyr-zuldyz-abdikarimova-ulken-ulynyn-zuregine-ota-zasalganyn-aitty-foto/