Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Максим Галкин Қазақстандағы концерттерінің өтпеуіне қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Максим Галкин
Максим Галкин. Видеодан кадр: instagram.com/maxgalkinru

Ресейлік әртіс, әзілкеш, сықақшы Максим Галкин Instagram-дағы парақшасында концерт залдарының жөндеу жұмыстарына байланысты Астана мен Алматыдағы концерттерінің болмауына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бір аптадан кейін Қазақстанда екі концертім өтуі керек, билеттер түгел сатылып кеткен, залдар үлкен, көрермендер көп, көбісі басқа қалалардан ұшып келіп жатыр. Ал бүгін Астана мен Алматы қалаларының бірінде залдағы сахнада ақаулық туындап тұр, ал екіншісінде - су ағынында ақаулық табылған!

Сондықтан екі апталық жөндеу жұмыстарына байланысты екі залда да өтуге тиіс концерттерім өтпейтін болып тұр! Бұл не өзі?" – деп жазады әртіс Instagram-дағы парақшасында.

Оған қоса Максим Галкин концерт залдарының жөндеу жұмыстарын жүргізуге өз көмегін ұсынды.

"Осыған байланысты маған бірнеше ой келіп отыр: залдардың жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектесе аламын ба? Мүмкін уақытылы бітіріп үлгеретін шығармыз? Мен расымен көрермендеріммен қауышқым келіп отыр.

Концерттерді кейінге шегеретін болсақ, концерт залдарын басқа күндерге бөлу мүмкіндігі қарастырылған ба? Шегеруге мүмкіндік болған жағдайда келесі уақытқа жоспарланған концерттерді өткізбес бұрын кәріз жүйесінде ақау бар ма, жоқ па алдын ала тексеруге бола ма?". – деп қосты ол.

Еске салсақ, бүгін, 1 қазан күні "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымында неліктен бір аптадан астам уақытқа жоспарланған концерттердің өтпейтінін хабарлаған болатын.

Сондай-ақ бұған дейін әзілкеш Максим Галкин әлеуметтік желіде Қазақстанда концерттерін өткізуге "астыртын тыйым" барын мәлімдеген еді.

Оның айтуынша, өзі және ұйымдастырушылары Астана мен Алматыда концерттерін өткізу үшін бірнеше айдан бері тырысып бағуда. Алайда әзілкеш осы күнге дейін әр түрлі кедергілерге тап болып отырғанын атап өткен болатын.

Кейін Максим Галкин мәлімдемесіне қатысты Алматы әкімдігі жауап берген болатын.

Сондай-ақ 7 қыркүйекте Галкиннің продюсері Алексей Пучков әртістің концерттері ақыры өтетінін хабарлады.

Ал 8 қыркүйек күні ресейлік әртіс Instagram желісінде өзіне қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғысын айтқаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2039005-maksim-galkin-qazaqstandagy-koncertterdin-bolmauyna-qatysty-pikir-bildirdi/