Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"1 шаршы метр - 1,5 млн теңге": отандық дизайнер көпшілікке анасының үйін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Назым Қарпықова
Назым Қарпықова. Фото: instagram.com/nazym_arunaz

Танымал отандық дизайнер Назым Қарпықова көпшілікке анасының үйін көрсетті. "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында дизайнер үйдің 1 шаршы метрінің құны - 1,5 млн теңге екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Назым Қарпықованың айтуынша, ол өзінің сыныптасына тұрмысқа шыққан.

"Қасқелең қаласына тұрмысқа шықтым. Жолдасым ішкі істер саласында қызмет атқарады. Тұрмысқа шыққаныма 15 жыл болды. Жолдасыммен бірінші сыныптан бастап бірге оқып, бір университетке түстік. Көрші тұрдық", - деді Назым Қарпықова.

Назым Қарпықованың анасының үйі
Назым Қарпықованың анасының үйі. Видеодан кадр: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасы

Ал Назымның анасы дайын үйді сатып алғанын айтты.

"Үй 250 шаршы метр. Бірінші қабатта - 3 бөлме, екінші қабатта - 3 үш бөлме бар. Екі терассасы бар. Дайын үй алдық. Көрпе-жастық, жиһазымызды алып кірдік", - деді дизайнердің анасы Нұраш.

Назым Қарпықованың анасының үйі
Назым Қарпықованың анасының үйі. Видеодан кадр: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында

Дизайнер аталмыш тұрғын үйге алдымен өзі көшіп келгенін және кейінірек анасын көшіріп алғанын айтты.

"Төрт жыл бұрын осында көшіп келдім. Сосын көршілерім үй сатып жатқандықтан, анамды жаныма көшіріп алдым.

Анамның үйінің 1 шаршы метрі - 1,5 млн теңге тұрады. Ал мен өз үйімнің жобасы енді басталғанда алдым. Шаршы метрі шамамен 650 мың теңгедей болды. Үлкен үйім бар. Бірақ ол жақта күтушіміз тұрып жатыр. Енді өз қиялымыздағыдай үй салғымыз келеді. Қазіргі таңда сән үйімді салайын деп жатырмын", - деді Назым Қарпықова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2039063-1-sarsy-metr-15-mln-otandyq-dizainer-kopsilikke-anasynyn-uiin-korsetti-foto/

pixel