Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық әнші Yenlik ұзатылды (фото)

Опубликовано:

Роза Әлқожа, Yenlik
Роза Әлқожа, Yenlik. Фото: instagram.com/roza_alqozha

Көпшілікке Yenlik есімімен танымал әнші Еңлік Құрарбек ұзатылды. Бұл туралы әнші Роза Әлқожа , Instagram парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші Yenlik-ті Роза Әлқожа ұзатқан.

"Бақытты бол! Барған жеріңе тастай батып, судай сің", - деп жазды Роза Әлқожа. Сонымен қатар әнші ұзату сәтінің суретін желіде оқырмандарына бөлісті.

Yenlik
Yenlik. Скриншот: instagram.com/roza_alqozha

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сүйенсек, Yenlik-тің таңдауы Таңатар есімді оператор-фотограф жігітке түскен. Ол Шымкент өңірінің тумасы.

Айта кетейік, желіге тараған видеоларға сүйенсек, Кенжебек Нұрдолдай пен ARO өнер көрсетіп, Ақболат Өтебай ұзату тойын жүргізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2039129-otandyq-ansi-yenlik-uzatyldy-foto/

pixel