Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлінің адвокаты әнші полицейлерді кешіргенін айтты

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі
Төреғали Төреәлі. Фото: "Той Думан" арнасы

Адвокат Тілеужан Кішкенебаев әнші Төреғали Төреәлінің ісіне қатысты жаңа деректер айтты. "Менің өмірім" бағдарламасында әншінің құқығын қорғаушы адвокаты Төреғалидің полицейлерді кешіргенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сот Төреғалидің ісі бойынша оны кінәлі деп тапты. Оған 20, 15, 3 тәулік әкімшілік қамақ түрінде жазалар қолданды. Ол жазасының бәрін өтеді. Бірақ, Төреғалидің құқығы бұзылғаны рас. Өйткені, әу бастан, ұстаған кезден бастап, өзінің асығып бара жатқанын түсіндірген.

Олар түсінгісі келмей, мәжбүрлі түрде көліктен шығуын талап еткен. Сол кезде ол "Жақсы, мен қорғаушымды шақырайын. Қорғаушым келсін. Соның қатысуымен сұрақтарыңызға жауап берейін" деген. Бірақ, оған мұрша бермеген. Оны сүйрелеп, көліктен жерге құлатып, бәрі жамырап үстіне мініп алып, қолына кісен салып, ауыр қылмыс істеген адамды ұстағандай ұстады. Ол енді болмайды ғой. Тізесімен басын езу, қолын қайырып, кісен салу деген болмайды. Ол кінәсі дәлелденбеген адам. Олай ұстауға болмайды. Кінәсі дәлелденіп, құқықпен жаза тайындалмады", - деді Тілеужан Кішкенебаев.

Сонымен қатар Төреғали Төреәлінің полицейлерді кешіргенін де айтты.

"Полицейдің артық кеткен жері көп болды. Төреғали Төреәліге мен полиция қызметкеріне қатысты іс қозғауға қатысты материал дайындап қойдым. Бірақ ол кісі "Олардың ата-анасы, бауырлары, туыстары тыңдарманым ғой. Бір жолға кешірейін. Тапсырма берілгесін солай жасаған шығар. Кешірімді болған дұрыс қой" деп, бізді тоқтатып қойды", - деді Төреғалидің адвокаты.

Тілеужан Кішкенебаев
Тілеужан Кішкенебаев. Видеодан кадр: "Менің өмірім" бағдарламасы

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматыда жол бойында полция қызметкерлерінің Lexus көлігінің жүргізушісін ұстаған сәтінен видео тараған еді. Куәгерлер ұсталған азаматтың танымал әнші Төреғали Төреәлі екенін байқаған.

Кейін Алматы қаласының полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты пікір білдіріп, полиция қызметкерлері Майлин көшесінің бойында А. есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатқанын хабарлады.

Полицияның мәліметінше, жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінген. Яғни, ол агрессивтілік танытып, полицияның заңды талаптарына бағынбай, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтірген. Сондай-ақ ұсталған орнынан қашып кетпек болған.

Полицейлер құқық бұзушының жолын бөгеп, оны ұстап, медициналық тексеруге алып барған. Сараптама қорытындысы бойынша оның есірткіге мас күйде екендігі анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2039241-toregali-torealinin-advokaty-ansinin-policeilerdi-kesirgenin-aitty/

pixel