"Күйеуі жоқ": Жұлдызай Дүйсенбиева ел арасында тараған қауесетке нүкте қойды (фото)
Жарияланған күні:

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева көпшілікке күйеуін көрсетті. Өнер иесі Instagram парақшасында көпшілік арасында тараған қауесетке жауап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Махаббатта еркіндік те болуы керек. Ғашық болу сезімі - ешкімнен қысылмай, еркелеп жүру. Шүкір, жүрегім махаббатқа толы. Бір-ақ жанға ғашықпын. Ол сезім күннен-күнге күшейіп барады.
"Жұлдызайдың күйеуі жоқ", "Жасы үлкен біреуге тұрмысқа шыққан. Сосын көрсетуге ұялады" деп сыртымнан өсек айтатындар үшін", - деген актриса желіге күйеуінің суретін жүктеді.

Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Жұлдызай Дүйсенбиеваның ажырасқаны жайлы ақпарат тараған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2039509-kuieui-zoq-zuldyzai-duisenbieva-el-arasynda-taragan-qauesetke-nukte-qoidy-foto/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде