Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Вокалдан сабақ берді": отандық актриса бес жас үлкен ұстазына тұрмысқа шыққанын айтты (фото)

Опубликовано:

Индира Сабирова
Индира Сабирова. Видеодан кадр: "Мамский әңгіме" бағдарламасы

Актриса Индира Сабирова отбасы жайлы құпияны көпшілікке бөлісті. "Мамский әңгіме" бағдарламасына келген өнер иесі өз ұстазына тұрмысқа шыққанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Негізі мен өнер академиясында оқыдым. Менің күйеуім вокалдан сабақ беріп жүрді. Былайша айтқанда, ағай болды. Өзімде де іштей болды. Жас аралығы - 5 жас. Сәл үлкен болғасын "Ұят болады" деп ойладым. Екеуіміз кездесе бастағанда бәрі білді. Төртінші курста кездесе бастадық. Екі жыл кездесіп, 2020 жылы тұрмысқа шықтым", - деді актриса.

Индира Сабирова жұбайымен
Индира Сабирова жұбайымен. Видеодан кадр: "Мамский әңгіме" бағдарламасы

Сонымен қатар Индира Сабирова карантин уақыты болғандықтан, тойдың үйде өткенін айтты.

"Ол кез карантин уақыты еді. Қиындау болды, мейрамханаға рұқсат жоқ. Ал менің бала кезден арманым ақ көйлек киіп, той жасау еді. Дәл мен тұрмысқа шыққанда карантин болды. Мейрамхананың артынан кіріп дегендей, ұзатуым жасырын болды. Жолдасым Павлодардан. Ол жақта заңға қаталдау болғандықтан, тойды үйде елу адамға жасады. Кішігірім той, беташар үйде болды", - деді актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2039628-agaiym-boldy-otandyq-aktrisa-kuieuimen-qalai-tanysqanyn-aityp-berdi/

pixel