Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анасының баласы": Қайрат Нұртастың анасы елдің сөзі ұлының психикасына әсер еткенін айтты (видео)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Гүлзира Айдарбекова
Қайрат Нұртас анасымен. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Әнші Қайрат Нұртасты сахнаға алып шыққан, продюсері болған анасы - Гүлзира Айдарбекова. Хитменнің продюсері ұлын "анасының баласы" деп сынайтын көпшілікке Instagram парақшасында жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ол сөзді өте көп айтты. "Қайрат анасының баласы" деді. Қанша жылдар бойы айтылды. Керек десеңіз, ол баламның психикасына әсер етті. Кейін Қайрат бір концертінде халыққа жауап берді. Балам "Сен қандай болсаң да, тастамайтын адам - анаң. Баланың бақыты ананың аяғының астында" дегенде, өзім де жеңілденіп қалдым. Бұл да Алланың берген бағы ғой. Қайраттан да мықты қанша әнші бар? Бақты кім көтере алады, соған береді дейді ғой.

"Қайрат анасының арқасында жүр" дейтіндей мен оның орнына барып ән айтпаймын. Мен оның потенциалын көріп, сахнаға шығуына себепкер болған анамын. Ана жүрегім оған көмектескісі келді. Қайраттың арманын орындағым келді", - деді Гүлзира Айдарбекова видеода.

Сонымен қатар Айдарбекова баласына продюсер іздегенін де жасырмай айтып берді.

"Қанша адамның алдына барып, "Продюсер болсаңыз" деп айттым. Бірақ, Қайрат ол уақытта танымал емес еді. Ешкім елемеді. Кейін шыққаннан кейін "Маған берсеңіз" деді. Бірақ, ол кезде кеш еді. Мен бастаған ісімді аяқтап, сонымен айналысып кеттім. Мен әліге дейін армандарымның орындалғанына қуанамын", - деді Гүлзира Айдарбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2039724-anasynyn-balasy-qairat-nurtastyn-anasy-eldin-sozi-ulynyn-psixikasyna-aser-etkenin-aitty-video/

pixel