"Міржақып. Оян, қазақ" фильмінің кинотеатрлардағы көрсетілімі не үшін тоқтады: режиссер түсіндірді
Жарияланған күні:
Кешеден бері "Міржақып. Оян, қазақ" фильмінің отандық кинотеатрлардағы көрсетілімі тоқтаған. Фильмнің режиссері Мұрат Есжан көрсетілімнің неліктен тоқтап қалғанын түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Таң атқалы "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмі кестеде неге жоқ деген сұрақ көп келіп жатыр. Шығармашылық топ, яғни, біз прокатпен айналысқан жоқпыз. Десе де, мына нәрсені айтқым келеді. Фильм 21 қыркүйектен бастап тура екі апта бойы кинотеатрларда көрсетілді. Негізі прокат мерізімі өткен жексенбі аяқталған болатын.
Алайда көпшіліктің сұранысына байланысты 4 қазанға дейін ұзартылды. Сондықтан прокат мерізімінің аяқталуынан қандай да бір астар іздеп, тараптарды кінәлаудың орны жоқ деп санаймын.
Уақыты мен қаржысын қиып келген, көрген, таратқан барша көрерменге алғысымыз шексіз! Көріп үлгермеген ағайын үшін фильм жақын арада "Qazaqstan" арнасының эфиріне және онлайн-платформаларға шығады", - деп жазды Мұрат Есжан Instagram парақшасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2039853-mirzaqyp-oyan-qazaq-filminin-kinoteatrlardagy-korsetilimi-ne-usin-toqtady-rezisser-tusindirdi/