Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал блогер Елдос Колобок су жаңа көлік алды (видео)

Опубликовано:

Елдос Колобок
Елдос Колобок. Фото: instagram.com/eldos_kalabok

Ел арасында Елдос Колобок есімімен танымал әзілкеш Елдос Қадірханов су жаңа көлік алды. Блогер Instagram парақшасында қуанышын көпшілікке бөлісіп, сүйінші сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сүйінші, біздің тағы бір арманымыз орындалды. Өте қатты армандаған көлігім еді. Тек әрекет етуді тоқтатпау керек. Әлеуметтік желіге оралдым, енді кетпеймін. Жеттім-ау саған", - деп жазды блогер.

Видеодан блогер Елдос пен жұбайын көруге болады.

Айта кетейік, блогердің таңдауы түскен Lexus RX көлігінің нарықтағы құны - 33 млн 990 мыңнан басталады. Осыдан бірнеше күн бұрын тура осы маркалы көлікті әнші Төреғали Төреәлі әйеліне тарту еткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Елдос Колобок отандық бағдарламада сұхбат беріп, осы уақытқа дейін сәбилі бола алмауының себебін ашып айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2040118-tanymal-bloger-eldos-kolobok-su-zana-kolik-aldy-video/

pixel