Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Фитнес-залда соққыға жығылғанын айтқан актриса Әсел Асқар істің немен аяқталғанын мәлім етті (фото)

Опубликовано:

Әсел Асқар
Әсел Асқар. Фото: instagram.com/assel.askar

Актриса Әсел Асқар осыдан біраз уақыт бұрын Алматыдағы фитнес-залда соққыға жығылғанын мәлім еткен болатын. Блогер Instagram парақшасында істің немен аяқталғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысының бірі актрисадан "Жаттығу залындағы болған оқиға немен аяқталды?", - деп сұраған.

Ал Әсел Асқар спортшы жігітпен татуласқанын жеткізді.

"Ол қоғамдық жерде менің ар-намысыма тигені үшін заң алдында жауап берді. Кейін ол кешірім сұрады. Мен оның кешірімін қабыл алдым. Сонымен қатар мен де кешірім сұрадым. Жанжал шешілді", - деді Әсел Асқар.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін актриса әрі блогер Әсел Асқар Алматыдағы фитнес клубтардың бірінде өзін қорлап, соққыға жыққанын мәлім еткен болатын.

Аталған оқиғаға қатысты полиция да пікір білдірді.

"1996 жылы туған азамат М.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 1-і яғни ұрып-соғу тармағы бойынша және 434 яғни ұсақ бұзақылық туралы бап бойынша әкімшілік іс қозғалды. Азамат А.-ның алған дене жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Шешім қабылдау үшін өндіріс материалдары сотқа жіберіледі", - делінген болатын полиция мәлімдемесінде.

Әсел Асқар сторис
Әсел Асқар сторис. Скриншот: instagram.com/assel.askar

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2040126-fitnes-zalda-soqqyga-zygylganyn-aitqan-aktrisa-asel-asqar-istin-nemen-ayaqtalganyn-malim-etti-foto/

pixel