jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Танымал тележүргізуші Төреғали Төреәліні сұхбатқа шақырмайтынын айтты

    Тимур Балымбетов
    Тимур Балымбетов. Фото: instagram.com/balukz

    Танымал тележүргізуші Тимур Балымбетов бағдарламасына келетін қонақты қалай таңдайтынын айтты. Динара Сәтжанның бағдарламасында продюсер Төреғали Төреәліден сұхбат алмайтынын жеткізген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Менде шықпай қалған бір сұхбат бар. Ол кісі танымал. Кадрде әртіс дұрыс өмір сүрмейтінін түсінді. Сол жерде трагедия, көз жасы болды. Алайда бұл сұхбатты шығаруға ол кісі қарсы болды.

    Мен Төреғалиді сұхбатқа шақырмайтын шығармын. Хайп қуған адам болса, мен "жоқ" деймін. Өйткені, жанжал шығарған немесе үнемі жанжал шығаратын адамды кадрде көргім келмейді. Кейде сұхбатқа дайындық барысында келетін қонақтың көрерменге берері болмаса, бұл жағдай мені тоқтатады. Көрерменнің бағдарламаны хайп қуған қонақ үшін қарағанын қаламаймын. Бұл әрине, жеңіл. Бірақ мұны көрерменге көрсеткеннен не пайда табамын?

    Мен көрерменіме берері бар адамды көрсеткім келеді. Бұл менің бағдарламам ғой. Сұхбатқа дайындалғанда, бағдарлама қонағының маған қызықты болғанын қалаймын. Егер маған қызықсыз болса, тіпті ақшаға да келіспеймін. Бұл жағдай жиі болады", - деді Тимур Балымбетов.

    Естеріңізге сала кетейік, Тимур Балымбетовтің жақында екінші ұлы дүние есігін ашты.

    Танымал тележүргізуші Төреғали Төреәліні сұхбатқа шақырмайтынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.