Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан өзіне айтылған хейтке қалай қарайтынын айтты

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан өзіне айтылған хейтті қалай қабылдайтынын жеткізді. Өнер иесі Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысының бірі әншіден "Қазір адамдардың бәрі жауыз. Хейтке қалай шыдайсыз?", - деп сұраған.

Ал әнші теріс пікірлерге мән бермейтінін жеткізді.

"Қазіргі заманда ең бай адам кім айтайын ба? Ең бай адам ақшасы көп, жетістікке жеткен адам емес. Ең бай адам - психикасы таза адам. Мыңдаған психолог пациентінің травмасын, психикасын тазарту үшін көп жұмыс істейді.

Байқасаңыздар, осы күні адамдар өз-өзімен әлек қой. Сосын өзімен жұмыс істемеген, өзін жеңе алмағандар өшін басқадан алады. Ғаламторға кіріп, уын басқаға шашады.

Әлеуметтік желіде танымал жандардың бәріне хейт бар. Оған көңіл бөлудің керегі жоқ. Отырып алып жаман пікір жазатындардың емес, алатындардың қатарынан болған да бақыт. Таңдау өздеріңізде", - деп жазды Ерке Есмахан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2040459-erke-esmaxan-ozine-aitylgan-xeitke-qalai-qaraitynyn-aitty/

pixel