Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мадина Сәдуақасова жаңа образымен көпшілікті таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Әнші Мәдина Сәдуақасова өзгерістен қорықпайтынын айтты. Жақында 44 жасқа толған әншінің жаңа образы көпшілікті таңғалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өзгерістен қорықпайтын жандардың бірімін. Жылдар бойы бір сарынды өмір сүре берсең , өміріңе өзгеріс пен жаңалық өзінен өзі келмейтінін білемін. Қалай болса да, ең бастысы, мен әрекет еттім", - деп жазды Мадина Сәуақасова Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары әншінің үнемі жаңа образда, жаңа стильде көзге түсетінін айтып, жарыса пікір қалдырған.

"Керемет", "Жаңашылдық іздеп жүретін сізге рахмет", "Қандай әдемі", "Сұлусыз", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, жақында әнші 44 жасқа толды. Өнер иесі ұлы мен күйеуінің өзін туған күнімен құттықтаған сәтті көпшілікке көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2040552-madina-saduaqasova-zana-obrazymen-kopsilikti-tangaldyrdy-foto/

pixel