Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жарқынай Ханайым: Отбасын сақтап қалу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасадым

Опубликовано:

Жарқынай Ханайым
Жарқынай Ханайым. Фото: Instagram/jarkynaixanaiym

Жарқынай Ханайым сәтсіз некесінен кейін жан сырын ақтарып, өткен өміріне ешқандай өкініш жоқ екенін жеткізді. Ол өзіне әйел ретінде көңілі толатынын айтты , деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жарқынай Ханайым отбасын сақтап қалу үшін бұрынғы күйеуінен кешірім де сұрап, оны барынша ұстап қалуға тырысқанын мойындады. Алайда жұлдызды жұп түбі ажырасып кетті.

Актриса басынан қандай жағдай өтсе де, өткен өміріне өкінбейтінін айтты.

"Адамдар 10, 20 жыл бірге өмір сүре ме, олар тек бір-біріне адал болуы керек. Егер уақыт өте келе екеуінің сезімі суыса, тыныш қана ажырасып кеткені дұрыс деп ойлаймын. Сезім мәңгі емес. Ол бір жақтан болса да, бір күні сөнеді. Оның үстіне мен біреудің үйде отырған ешкім танымайтын әйелі емеспін. Бізде танымал адамдар бар, біз олардың үйде отырған әйелін білмейміз де, танымаймыз. Оның кімді, кімнен қызғанып жатқанын білмейміз. Кейбіреулер оның әйелі барын білетін шығар, бірақ басқа ортада мүлдем үйленбеген адам сияқты жүреді. Ал біздің қалай ажырасқанымызды болашақта қызымыз Айлана: “Анам қызғаншақ, әкем сері жігіт болатын. Сол себепті ажырасып кетті" деп айтады.

Өкініш жоқ. Осылай болу керек болды. Мен өзіме әйел ретінде ризамын, көңілім толады. Мен өзімнің деңгейімде қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Отбасын сақтап қалу үшін кешірім де сұрадым, алдынан да шықтым. Ұстап қалуға тырыстым. Ер адамның да өз мінезі бар, оның да өз көзқарасы бар. Мен оны жамандауға да, ақтауға да келіп тұрған жоқпын. Себебі бұл екеуміздің де оқиғамыз. Ол да белгілі бір деңгейге өсу керек болды. Мен де солай. Екеумізден осындай тәтті Айлана туылу керек болды. Айлана - бұл тағдыр. Бізде сондай талантты қыз туылды", - деді ол Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2040803-zarqynai-xanaiym-otbasyn-saqtap-qalu-usin-qolymnan-kelgennin-barin-zasadym/

pixel