Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жақсы жар жолықсын": Жарқынай Ханайым бұрынғы күйеуімен қарым-қатынасы жайлы сөз қозғады

Опубликовано:

Жарқынай Ханайым
Жарқынай Ханайым. Фото: Instagram/jarkynaixanaiym

Әнші Жарқынай Ханайым некесі сәтсіз аяқталса да, бұрынғы күйеуімен жақсы қарым-қатынасты сақтап қалған. Өнер иесі Айдар Асқарбектің жақсы әке екенін айтып, болашақта оған жақсы жар жолыққанын қалайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актрисаның сөзінше, бұрынғы жолдасы қызына барынша көңіл бөліп, көмектесіп тұруға тырысады. Айдар Асқарбек перзентін көру үшін Алматыдан Астанаға жиі ұшып келіп тұрады екен.

"Әкесі Алматыда, мен Астанада. Айдарға көп рахмет. Ол Астанаға келеді, Айланаға қарайды, 4-5 күн қасында болады, ойнатады. Түсірілім, басқа да жұмыстары шығып қалмаса, қасынан табылуға тырысады. Сұраған ақшамды береді, балабақшасын төлейді, киімдерін алып береді. Ол жағынан Айдар – жақсы әке. Кез келген ажырасқан келіншектің уайымы – баласы. Әкесі екеуінің қарым-қатынасына кесірім тиіп кетпесе екен деп ойлаймын. "Әкеңе ұқсап" деп күйеуімізге деген реншімізді балаларға айтып жатамыз. Сол себепті қазірден бастап өзімді тәрбиелеп жүрмін. Әкесінің бар екенін, оның қандай керемет жан екенін айтып, әлеуметтік желіден көрсетіп отырамын", - деді ол.

Сондай-ақ Жарқынай Ханайым қазіргі уақытта ата-енесімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты. Ол бұрынғы күйеуінің ата-анасына барып, қал сұрап тұратынын жасырмады.

Әнші тіпті бұрынғы күйеуіне деген ренішті артта қалдырып, болашақта оған жақсы жар жолыққанын қалайтынын айтты.

"Жақында жазда ата-енемнің жағдайын сұрап қайттым. Мен кеткен кезде ешкіммен араласқым келген жоқ. Әлеуметтік желіде бәрін өшіріп тастадым. Сол үшін ол кісілер маған ренішін білдірді. Бірақ маған сол нәрсе керек болды. Жарты жылдай ешкіммен хабарласқан жоқпын. Бірақ жақында мен "Cover шоу" бағдарламасына шыққанда мама "маған ұнады, қызым, жарайсың" деп мақтады. Ата-енемді туған күнімен құттықтап тұрамын. Әрине, одан артық біз сөйлесе алмаймыз, сөйлесетін себеп те жоқ. Сөйтіп жазда ата-енемнің демалыс орнына қызымды алып бардым. Мама, папамды құшақтап, сағынғанымды, жақсы көретінімді, құрметтейтінімді айттым. Олар бәрібір менің жақсы көретін адамдарым.

Ата-енем – Айдар екеуіміздің табысуымыз үшін көп әрекет жасаған жандар. Айдардың болашақта жақсы қыз кездестіргенін қалаймын, Алладан соны сұраймын. Ертең Айлананы әкесінің үйіне жібергенде уайымдамайтындай, қызымның көңіліне тиетін сөз айтпайтындай, әкесі мен қызының арақатынасына зиянын тигізбейтін жақсы жар жолығуын тілеймін. Өзіме де ойымдағы жігіт жолықса деймін", – деді Жарқынай Ханайым Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2040807-zaqsy-zar-zolyqsyn-zarqynai-xanaiym-buryngy-kuieuimen-qarym-qatynasy-zaily-soz-qozgady/

pixel