Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қосылуымызға себепші болғысы келді": Жарқынай Ханайым Аша Матаймен арақатынасы жайлы айтты

Опубликовано:

Жарқынай Ханайым
Жарқынай Ханайым. Фото: Instagram/jarkynaixanaiym

Отандық актриса Жарқынай Ханайым ажырасып кеткен соң, жұлдызды қайын сіңлісі Аша Матаймен қандай қарым-қатынаста екенін айтып берді. Сөзінше, тележүргізуші ағасы мен жеңгесін барынша қосуға тырысқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жарқынай Ханайым Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында Аша Матаймен арақатынасы жайлы жан сырын ақтарды. Ол қайын сіңлісін "аққу" деп атайды екен.

Сондай-ақ әнші алғаш келін болып түскен кезін есіне алып, жаңа отбасы өзін өте жылы қарсы алғанын айтты. Өнер иесі бұрынғы күйеуінің жанұясын әлі күнге дейін қатты жақсы көретінін айтты.

"Басынан-ақ Ақжан жылы қабылдады. Бәрін үйретіп, "Жарқынай, уайымдамаңыз, бәрін үйреніп кетесіз" деді. Айдардың мамасы да жақсы, жылы қабылдады. Алдында ренжіп сұхбат бергенде, "Неге Аққу туралы айтқан жоқсың" деді. Біздің қарым-қатынасымыз өте керемет. Ол мені керемет қабылдап, керемет қолдады. Осыған дейін қосылуымызға себепші болғысы келетін, жан-тәнін беруге дайын тұратын оны "аққу" дей аламын. Ең бір аппақ, тап-таза адам. Өзінің ағасына, өзінің сіңілісіне, әйел ретінде маған ортада шыр-пыр болып, күйіп-пісіп, керемет сәттерімізді видеоға түсіріп, халыққа көрсетіп жүретін жан.

Бәрі жақсы қабылдады, бәрі әдемі болды. Өзім де сол ұяға бірден кірісіп кеттім. Себебі Айдарды жақсы көрдім, оның семьясы – менің семьям. Бірақ үйде ешнәрсе істеуді білмеймін. Ақжан үйретті, енем үйретті, үйде көмекшіміз әпкеміз болатын, ол да үйретті", – дейді Жарқынай. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2040811-qosyluymyzga-sebepsi-bolgysy-keldi-zarqynai-xanaiym-asa-mataimen-araqatynasy-zaily-aitty/

pixel