Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асылхан Төлепов өмірден өткен ұлына жантебірентерлік жазба арнады

Опубликовано:

Асылхан Төлепов
Асылхан Төлепов. Кадр: YouTube/ Timur Balymbetov

Актер Асылхан Төлепов шетінеп кеткен ұлына жазба арнады. Өнер иесі өмірде болса, ұлының да биыл сүндеттелетінін айтып, өкінішін бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сенсіз 1,5 жыл өтті. Бүгін ағаларың Алпамыс, Абылайхан және інің Әлиханның сүндет тойы. Әттең... Сенсіз... Бұл күнге сен жете алмадың ғой. Бүгін сен де талтаң басып, жүгіріп жүрер ме едің? Алайда сен үлкен ерлікпен, батырлықпен талай жүкті арқалап кеттің.

Бүгінгі кеште менің жүрегімде сенің орның ерекше болады. Саған арнап ән айтқым келді. Бірақ барлығының жылағанын қаламадым және сенің жаның тыныш болғанын қаладым. Сені сағындық", - деп жазды Асылхан Төлепов Instagram парақшасында.

Айта кетейік, актердің кішкентай ұлы былтырғы жылы наурыз айында шетінеп кеткен болатын.

Кейін Төлеповтің әйелі баласының өліміне қатысты алғаш рет пікір білдіріп, бұл жайлы дәрігерлердің ескерткенін айтты.

Асылхан Төлепов сторис
Асылхан Төлепов сторис. Скриншот: instagram.com/assylkhantolepov

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2040981-asylxan-tolepov-omirden-otken-ulyna-zantebirenterlik-zazba-arnady/

pixel