Актер Айдар Асқарбек әлеуметтік желіден қанша табыс табатынын айтты
Опубликовано:

Көпшілікке "Рауза" телехикаясы арқылы танылған актер Айдар Асқарбек әлеуметтік желі арқылы ай сайын қанша табыс табатынын айтты. Өнер иесі "Оян, таң" бағдарламасында желіден түсетін орташа табысы 2-7 млн теңгені құрайтынын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Әлеуметтік желіде орта есеппен 2-7 млн теңге табыс табамын. Ол менің уақытыма, желіге қосылуыма байланысты", - деді Айдар Асқарбек.
Сонымен қатар өнер иесі түсірілім барысында ашық сахналар қиындық тудырмайтынын да жеткізді.
"Ашық сахна қиындық тудырмайды. Жаныңдағы серіктесің әдемі, сұлу болса, неге қиындық тудыру керек?", - деді актер.
Айта кетейік, бұған дейін Айдар Асқарбек актерлікке келмес бұрын тергеуші болғанын баяндап берген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2041126-akter-aidar-asqarbek-aleumettik-zeliden-qansa-tabys-tabatynyn-aitty/