Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айгүл Иманбаева бала кезіндегі суретін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева
Айгүл Иманбаева. Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Әнші Айгүл Иманбаева көпшілікке бала кезінен қазіргі шаққа дейінгі суреттерін көрсетті. Өнер иесі Instagram парақшасында он фотосын бөлісіп, көпшіліктің пікірін сұраған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қалай ойласыздар, мен бала кезімнен бүгінгі күнге дейін қатты өзгергенмін бе? Парақтап 10 түйір суретімді көріп, пікір қалдырсаңыздар болады", - деп жазды Иманбаева.

Cуреттен Айгүл Иманбаеваның балалық шағын, оқушы кезін және бойжеткен уақытын, қазіргі сәтін көруге болады.

Ал желі қолданушылары әншінің суретін қызу талқыға салып, түрлі пікір білдірді.

"Көзіңіз өзгермеген", "Қазіргі Айгүл әже болуға дайын", "Кей суретіңіз Асылжанға ұқсайды", "Әрдайым әдемісіз", "Балаңызға ұқсайсыз", "Қатты өзгеріс жоқ", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Айгүл Иманбаева жақында өткен ән кешінде барша халық алдында әкесінен кешірім сұрап, ата-анасына ән арнаған болатын. Ал кейінірек әншінің әкесі өмірден өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2041265-aigul-imanbaeva-bala-kezindegi-suretin-korsetti-foto/

pixel