Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай Бегей келінінің ұзату тойын көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Абай Бегейдің ұлы мен келіні
Абай Бегейдің ұлы мен келіні. Фото: instagram.com/badinur_zhalgas

Әнші Абай Бегей үлкен ұлының жақында үйленетінін айтқан болатын. Өнер иесі көпшілікке келінінің ұзату тойын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, олар келінді ұзатып алу үшін Шымкент қаласына барған.

Абай Бегейдің ұлы мен келіні
Абай Бегейдің ұлы мен келіні. Скриншот: instagram.com/niyazkulova_erke

Абай Бегейдің үлкен қызы Ерке Instagram парақшасында құдалық пен "Сырға салу" рәсімін және ұзату тойының видеосын бөлісті.

Абай Бегейдің мәліметіне сүйенсек, келінінің есімі - Бадинұр.

"Қыз ұзату. Жалғас-Бадинұр", - деп жазды Абай Бегей.

Желі қолданушылары да әншінің отбасылық қуанышына ортақтасып, ақ тілегін жаудырған.

"Бақытты болсын", "Қандай керемет", "Бізге де осындай той жұмысты болсын", "Құттықтаймын", "Жастар бақытты болсын", - деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, осыған дейін Абай Бегейдің ұлы мен келінінің мұсылманша неке қидырғаны белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2041267-abai-begei-kelininin-uzatu-toiyn-korsetti-foto-video/

pixel