Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ғашық жандар көп болды": Медеу Арынбаев екінші рет отбасын құруға дайын екенін айтты

Опубликовано:

Медеу Арынбаев
Медеу Арынбаев. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Әнші Медеу Арынбаевтың жұбайы осыдан біраз жыл бұрын дүние салған болатын. Өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасында қайта отау құруға дайын екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Айгүл (әншінің жұбайы - ред.) өмірден өткеннен кейін алғашқы 4-5 жыл ауыр болды. Рухани жағынан салмақ болды. Сағыныш болды. Қазір "Күні-түні зарлап жүрмін" деп айта алмаймын. Оның бәрі әдемі елес. Ұлым мен қызымның аяулы анасы Айгүл үстімізден қарап тұрғанын білеміз. Қазір Дәулетім мен Даянам бір жақты болса екен деймін.

Одан кейін өмірлік жар болатын жан кездессе деген тілегім бар. Ойымыз бір жерден шығып, мәдениетімен, ішкі жан-дүниесімен өнерлі болса деймін. Айгүл өнерлі еді ғой. Бір кездері өнерімнің бағалаушылары ма, ғашық жандар көп болды. Бірақ ол кезеңнен өттік. Жасандылықты жақсы көрмеймін. Маған бәрі тосыннан болу керек. "Алланың жібергені" деп таңғалып жатамыз ғой. Сол сияқты сценарийді күтіп жүрмін. Өмірімде үлкен бір қозғалыс, жаңалық болатынына сенемін. Бірақ қандай сәтте, қай кезеңде болатынын білу мүмкін емес. Сондықтан "Таптым", "Іздеп жүрмін" деп айтқаным келіспейді. Ол өзінен өзі болады. Қандай жан болады, қашан жолығады, бір Алла біледі", - деді Медеу Арынбаев.

Айта кетейік, бұған дейін әнші 4 жыл бұрын денсаулығына байланысты ота жасатқанын баяндап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2041293-gasyq-zandar-kop-boldy-medeu-arynbaev-ekinsi-ret-otbasyn-quruga-daiyn-ekenin-aitty/

pixel