Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Айдар Тұрғанбек қыз ұзату үшін қанша гонорар алатынын айтты

Опубликовано:

Айдар Тұрғанбек
Айдар Тұрғанбек. Фото: instagram.com/aidar_turgambek

Әнші Айдар Тұрғанбек бірнеше жыл бұрын тойда қыз ұзатып бастаған болатын. Өнер иесі "Қызықты weekend" бағдарламасында қыз ұзату мен сүндет тойға қанша гонорарға шығатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қыз ұзату тойына 1,5 млн теңге аламын. Себебі, біз той басталғаннан соңына дейін боламыз. Ал сүндет тойға 1,3 млн теңгеге шығамын.

Ал "Жігіттер" тобының гонорары - 2 млн теңге. Бұл соманы топ мүшелері және продюсер 20 пайыздан бөлісеміз", - деді Айдар Тұрғанбек.

Айта кетейік, әнші осыдан бірнеше жыл бұрын қыз ұзатып бастаған болатын. Көпшіліктің қызу талқысынан кейін Айдар Тұрғанбек қыз ұзатуына қатысты пікір білдірді.

Сонымен қатар күні кеше өнер иесі басқа қалаға қоныс аударатынын айтты. Өнер иесі Алматының ауа райы отбасы мүшелеріне қолайсыз болғанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2041464-ansi-aidar-turganbek-qyz-uzatu-usin-qansa-gonorar-alatynyn-aitty/