Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дастан Оразбеков ұлының мектебіне жылына 9 мың доллар шамасында төлейтінін айтты

Опубликовано:

Дастан Оразбеков отбасымен
Дастан Оразбеков отбасымен. Фото: instagram.com/dastanello

Әнші Дастан Оразбеков екі ұлының да ақылы мектепте оқитынын айтты. Өнер иесі REVUE NEWS бағдарламасында жеке мектепке жылына 4 млн 200 мың теңге шамасында төлейтінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Кіші ұлым Демирелмен көп уақыт өткіздім. Ал үлкен ұлым Алдияр бала кезде мен жас болдым. 25 жаста жалындап тұрдым.

4 млн 200 мың теңге шамасында төлеймін. Жеке мектепке барады. Әр ата ана баласының жағдайына қарап береді ғой. Мен балаларымның оқуына қатты мән беремін. Кіші ұлым одан қымбат мектепте де оқыды. Қазір екеуі де жеке мектепке баруда", - деді Дастан Оразбеков.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Дастан Оразбеков Алматыдан не үшін көшіп кеткенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2041489-dastan-orazbekov-ulynyn-mektebine-zylyna-9-myn-dollar-toleitinin-aitty/