Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"18 жыл бойы ыстық-суығыма көнді": танымал әнші көпшілік алдында әйеліне алғысын білдірді

Опубликовано:

Қуаныш Қарлығаш
Қуаныш пен Қарлығаш. Фото: instagram/kuanysh_karlygash

Жұлдызды жұп Қуаныш пен Қарлығаш "Мархабат" бағдарламасында қонақ болды. Бағдарлама барысында Қуаныш әйеліне берілген ерекше ат туралы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өнер адамымыз ғой. Бізде күн, түн деген әңгіме жоқ. Шабыт қай уақытта келеді, түнгі төрт болса да, ән жаза саласың.

Кейбір әншілер ертең концерті барын айтады. Сонда ұйықтамай, оранжировка жасауға тура келеді.

Менің ыстық-суығыма 18 жылдан бері көніп, түнде ет асып бер десем де, айтқанымды екі етпейтін, ұл-қыздарымды өмірге әкелген осы кісінің арқасы.

"Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын", - дейді. Күн демей, түн демей маған әншілер келеді. Солардың шайын жасап, менің бабымды жасап жүргенін көпшілік көреді ғой. Сырт көз бәрінің бағасын береді.

Біздің жақын ағамыз бар. Сол кісі "мотор келін" деген ат берді", - дейді Қуаныш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2041610-18-zyl-boiy-ystyq-suygyma-kondi-tanymal-ansi-kopsilik-aldynda-aieline-algysyn-bildirdi/