Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзіңізден айнымайтын жанды әкелдім": Абай Бегейдің ұлы үйлену тойында марқұм анасына хат арнады (видео)

Опубликовано:

Абай Бегей отбасымен
Абай Бегей отбасымен. Фото: instagram.com/abai_begei

Абай Бегейдің үлкен ұлы Жалғас үйлену тойында марқұм болған туған анасына хат арнады. Хатты той төрінде оқығанда, жиналған қонақтардың бәрі көзіне жас алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Той барысында асаба Жалғастың марқұм анасына арнаған хаты барын айтып, үлкен экранды қосады.

Лэд экраннан Абай Бегейдің бірінші жұбайының естелік видеолары көрсетіледі.

"Сәлем, анашым! Балаларыңыз боп, сізге "хат жазамыз" деп шештік. Мам, балаларыңыз сіздің жылы құшағыңызды сағынды. Басымыз біріксе, өзіңізбен өткен тәтті сәттерді есімізге алып, бір жылап аламыз. Біріміз - күйеуге, біреуіміз - үлкен өмірге қадам басқалы жатырмыз. Міне, сіздің жалғыз ұлыңыз өзіңізден айнымайтын жанды әулетке әкеліп, жоқтығыңызды жасырып жатыр.

Анашым, сіз өте арманшыл едіңіз ғой. Кезінде армандар картаңызда ілулі тұрған үлкен зәулім үй, соңғы үлгідегі көлік, тұрғын үйіміздің әппақ жөндеу жұмысы, тіпті қонақ бөлмеде тұратын ұзын стол да арманыңыз болған. Қызық, сенесіз бе? Сол армандаған нәрсенің бәрін өзіңіз көрмесеңіз де, балаларыңыз көріп жатыр. Мам, сол кезде біз үшін барлығына төзіп, қырсық мінезімізді көтеріп, сабағымызды оқытып, оң тәрбие бердіңіз. Әрине, шүкір! Бірақ ештеңеміз болмаған қиын сәтте өмір сүрдіңіз және соның жемісін көре алмай, жастай кеттіңіз ғой... Кейде еске алып, бір жылап аламыз.

Сіз кеткен соң, сіздің орыныңызға Фариза апам келді. Бізбен сырласып, "балам" деп жүреді. Балаларыңыз сіз үшін дұғада. Жаныңыз жәннатта болсын, анашым", - деп жазылған хатта.

Видеоны әншінің үлкен қызы Ерке Instagram парақшасында жариялады.

Айта кетейік, видеодан соң Абай Бегей мен жұбайы Фариза, әншінің үш қызы мен той қонақтарыны көз жасына ерік берген.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Абай Бегей ұлының сүйіктісін Шымкент өңірінен ұзатып әкелген болатын. Кешірек келінді болған әнші беташарды көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2041641-ozinizden-aumaityn-zandy-akeldim-abai-begeidin-uly-uilenu-toiynda-marqum-anasyna-xat-arnady-video/

pixel