Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қорқынышым бар": Айдар Тұрғамбек "Жігіттер" тобының жол апатына түскен кезін еске алды

Опубликовано:

"Жігіттер" тобы
"Жігіттер" тобы. Фото: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Әнші Айдар Тұрғамбек "Жігіттер" тобының бұрын жол апатына түскенін айтты. Өнер иесі "Қызықты weekend" бағдарламасында осы оқиғадан кейін көлік ұнамайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жылдамдықтан қорқамын. Көлікке мінсем "асықпай жүрейікші" деймін. Ең әдемі жылдамдық - сағатына 120 шақырым. Жол жақсы болса, сағатына 140 шақырым. Көлікпен жүргенді мүлде ұнатпаймын. Ұшақпен ұшу ұнайды.

2006 жылы жол апаты болған. "Жігіттер" тобы бейнебаян түсіріп, Өзбекстаннан шықтық. Таныс жігіт бізді келесі қалаға апара жатқанда, жол апатына түстік. Көлік бір аударылып түсті. Содан кейін көлікте ұйықтай алмаймын. Мүлде көзім ілінбейді. Қорқып отырамын. Жарақат алмадық, жеңіл болды. Көлік ұнамайды. Қорқынышым бар", - деді Айдар Тұрғамбек.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Айдар Тұрғамбек әйелін көпшілікке не үшін көрсетпейтінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2041691-qorqynysym-bar-aidar-turgambek-zigitter-tobynyn-zol-apatyna-tusken-kezin-eske-aldy/

pixel