Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Айдар Тұрғамбек әйелінің мәһрге не сұрағанын айтты

Опубликовано:

Айдар Тұрғамбек
Айдар Тұрғамбек. Фото: instagram.com/aidar_turgambek

Әнші Айдар Тұрғамбек осыдан 13 жыл бұрын отбасы құрған. Өнер иесі "Қызықты weekend" бағдарламасында әйелінің мәһрге не сұрағанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әйгерім (әйелі - ред.) кішкентай қыз, 19 жаста еді. Менде енді тәжірибе бар. Телефонмен сөйлескенде "Пәленше досым үйленді. Әйелі мәһрге құран кітап сұрапты" деймін. Сөйтіп неке қидырғанда "Не сұрайсың?" деп еді, "Құран кітап сұраймын" деді. Қазір "Қазір көлік сұрайтын едім" дейді", - деді Айдар Тұрғамбек.

Сонымен қатар әнші әйеліне қандай сыйлық тарту ететінін де айтып берді.

"Қымбат сыйлық жасаймын. Бірақ телефон және үйге қажетті заттар. Мысалы, дәл кір жуатын машина секілді кептіретін түрі де бар екен. "Шаңы шықпайды" деп, соны алдық. Жақында гриль пісіретін пеш сұрады. Кофемашина деген секілді. Өзі ұнатқан нәрсесін әперемін. Енді көлік әперсем деп ниеттеніп жүрмін. Өйткені, балалар есейіп жатыр. Менің уақытым болмайды", - деді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Айдар Тұрғамбек әйелін көпшілікке не үшін көрсетпейтінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2041692-ansi-aidar-turgambek-aielinin-mahrge-ne-suraganyn-aitty/

pixel