Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазира Байырбекова жаңа образымен желі қолданушыларын таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

45 жастағы қазақстандық әнші Жазира Байырбекова Instagram желісінде Барби образындағы суретін жариялап, желі қолданушыларын тәнті етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сахнаға ұлттық киімдермен жиі шығатын әншілердің бірі Жазира Байырбекова бұл жолы жаңа образда өзін сынап көрген.

Өнер иесі оқырмандарына екі сурет ұсынған. Бірінші суретте ол ұлттық нақышта тігілген киімде болса, екіншісінде әйгілі Барби образында.

"Бірінші образ өзіме, екініші образ Дараға ұнайды", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары өнер иесіне ұлттық киімдегі образы көбірек жарасатынын жазған. Десе де, жаңа образын қолдағандар да бар.

"Қазақша жарасады", "Әдемі қазақ қуыршақтарын көп шығару керек. Сонда Дараға да қазақша киіммен түскен фота ұнайтын болады", "Бәрі жарасады", "Әдемі", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2041770-zazira-baiyrbekova-barbi-obrazymen-zeli-qoldanusylaryn-tangaldyrdy-foto/

pixel