Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кейде тойға шақырады": Салтанат Бақаева "Арнау" тобының көрінбей кету себебін айтты

Опубликовано:

"Арнау" тобы
"Арнау" тобы. Видеодан кадр: "Адалдық" бейнебаяны/Youtube

"Арнау" тобы Салтанат Бақаева мен Нұржан Керменбаевтан құралған. Әнші Салтанат Бақаева "Ұйқым келмейді" бағдарламасында топтың көрінбей кету себебін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бітті деп айтқым келмейді. Өйткені, халық өте жақсы көретін топ. Мен де қуана-қуана жұмыс істеуге, ән айтуға дайынмын. Біз Нұржан екеуіміз бірнеше ән жазып та көрдік. Бейнебаян да шығардық. Бірақ халықтың көңілінен шықпай қалдық-ау деп ойлаймын.

Кейде тойға шақырады. Бірақ көбіне өзім, жалғыз. Бұған мен де, Нұржан да кінәліміз деп ойлаймын. Мен баламен, декреттік демалыста болдым. Нұржан өзінің жеке шығармашылығына көңіл бөлді. Сосын мен де жеке шығармашылыққа көңіл бөлдім. Топ назардан тыс қалды. Сол енді жаңа бағытта ән жазсақ, бәлкім, сұранысқа ие болармыз? Бірақ, білмеймін", - деді Салтанат Бақаева.

Айта кетейік, осыған дейін Салтанат Бақаева қыз ұзату үшін 1 млн теңге гонорар алатынын баяндап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2041891-keide-toiga-saqyrady-saltanat-baqaeva-arnau-tobynyn-korinbei-ketu-sebebin-aitty/

pixel