Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өмірқұл Айниязов құрылысына 200 мың доллар кеткен үйін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Өмірқұл Айниязов жұбайымен
Өмірқұл Айниязов жұбайымен. Фото: instagram.com/omirkul_ainiyazov

Әнші Өмірқұл Айниязов үш қабатты үйін көрсетті. Өнер иесі "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында үйдің құрылысына 200 мың доллар кеткенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Үйге кіргенімізге 5 жылға жуық уақыт болды. Қазір қалаға қатынау қиын емес. Мен келген кезде бұл жерде адамдар оншақты жылдан бері тұрып жатыр екен. Осы жер телімі сатылмай қалыпты. Маған ұнағаны жолға жақын. Жігіттер жаңадан басталған, үй жоқ жерге салады ғой. Мен олай жасауға қорықтым. Халықтың арасында болған жақсы. Суы, газы үзілмейді.

Үй үш қабатты, 300 шаршы метр. Ықшам әрі ыңғайлы. Әр қабат 100 шаршы метр", - деді Өмірқұл Айниязов.

Өмірқұл Айниязовтың үйі
Өмірқұл Айниязовтың үйі. Видеодан кадр: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасы

Сонымен қатар Өмірқұл Айниязов үйдің құрылысына 2-2,5 жыл кеткенін айтты.

"Жарықты жақсы көремін. Үйдің дизайнын сызғанда терезелері көп болғанын қаладым. Үйдің құрылысы 2-2,5 жыл кетті. Есептегенде кеткен шығын жиһаздарымен, іші-сыртымен қосқанда 200 мың долларға жобалайды", - деді әнші.

Өмірқұл Айниязов
Өмірқұл Айниязов. Видеодан кадр: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасы

Айта кетейік, осыған дейін өнер иесі үйінің екі қабатында алты бөлме барын және бірінші қабатында асхана орналасқанын жеткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2042106-omirqul-ainiyazov-qurylysyna-200-myn-dollar-ketken-uiin-korsetti-foto/

pixel