Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балажанмын": Саят Медеуов жеке өмірі жайлы неге айтпайтынын түсіндірді

Опубликовано:

Саят Медеуов
Саят Медеуов. Видеодан кадр: "Қызықты weekend" бағдарламасы

Әнші Саят Медеуов отбасы, балалары жайлы неге көпшілікке айтпайтынын түсіндірді. Өнер иесі "Қызықты weekend" бағдарламасында жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ата-анам туралы мақтанып айтамын. Ал ұл-қызым, бала-шағам туралы маған мақтанып айтуға ерте. Әлі уақыт алда. Деніміз сау болса, айтатын уақыты келер. Қазіргі күні мақтанып, ертеңгі күні басқаша болса, қалай ақталамын? Одан да уақыты келер. Сабақты ине сәтімен дейді ғой.

Мен мынадай әкемін, мынадай ата-анамын деп мақтануға қарсымын. Әкелік мейірімді сыйлай аламын деп ойлаймын. Балажанмын, балаға жақынмын. Барынша еркелетемін, барынша жақсы көремін", - деді Саят Медеуов.

Айта кетейік, осыған дейін Саят Медеуов жол апатына түскені жайлы баяндап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2042158-balazanmyn-sayat-medeuov-zeke-omiri-zaily-nege-aitpaitynyn-tusindirdi/

pixel