Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үшінші сәбиін күтіп жүрген Өмірқұл Айниязов пен жұбайы гендер-пати өткізді (видео)

Опубликовано:

Өмірқұл Айниязов пен жұбайы
Өмірқұл Айниязов пен жұбайы. Видеодан кадр: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасы

Әнші Өмірқұл Айниязовтың жұбайы күні кеше отбасындағы қуанышты жаңалықты бөліскен болатын. Өнер иесі Instagram парақшасында гендер-патидің видеосын жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші жақындарының басын қосып, үшінші сәбидің жынысын білу мақсатында гендер-пати өткізген.

"Бәрібір айтып қойдық қой. Оқырмандардың сұрауымен видеоның толық нұсқасын жарияладым", - деп жазды Өмірқұл Айниязов.

Гендер-пати барысында бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған әншінің отбасында тағы бір ұл бала дүние есігін ашатыны белгілі болды.

Ал желі қолданушылары Айниязовтың отбасына ақ тілегін жаудырған.

"Құттықтаймыз", "Келіншегіңіз аман-есен босанып алсын", "Шекесі торсықтай ұл келсін", "Қуаныштымыз", "Ұрпағыңмен мың жаса", - деп жазды желідегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін әншінің жұбайы аяғы ауыр екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2042361-usinsi-sabiin-kutip-zurgen-omirqul-ainiyazov-pen-zubaiy-gender-pati-otkizdi-video/

pixel